Қазақстандықтар депозитке 6 трлн теңге салды

16:55, 16 шілде 2019
217

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz – Банктердегі салымдар көлемі 2019 жылғы мамыр айының соңында 10,3 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылға қарағанда 2,4% — ға аз. Оның 56,7%-ы — ұлттық валютада: 5,8 трлн теңге, жыл ішінде — 6,2%-ға өсті. Мұндай деректерді ranking.kz келтіреді.

Валюталық салымдарға небәрі 43,3% келді: 4,4 трлн теңге — 2018 жылдың соңына қарағанда 11,8%-ға кем. Бұл ретте үш негізгі танымал валюталардың ресми бағамдары 2018 жылдың мамыр айынан бастап 2019 жылдың мамыр айына дейін өсуді көрсетті: USD — 16%, EUR — 10,9%, RUB — 10,9%.

Қазақстанның өңірлері арасында ұлттық валютадағы депозиттер көлемінің төмендеуі тек Нұр-Сұлтанда тіркелді: 18,1%-ға 1,1 трлн теңгеге дейін.

Ең үлкен өсім Ақтөбе (21,7%-ға, 218,3 млрд теңгеге дейін), Батыс Қазақстан (21,2%-ға, 172,9 млрд теңгеге дейін) және Жамбыл (18%-ға, 107,9 млрд теңгеге дейін) облыстарында байқалды.

Сонымен қатар, шетел валютасындағы салымдар тек үш өңірде ғана ұлғайды: Атырау (13,5%-ға, 146,6 млрд теңгеге дейін), Қарағанды (6%-ға, 199,2 млрд теңгеге дейін) және Батыс Қазақстан (5,1%-ға, 75,2 млрд теңгеге дейін) облыстарында. Бұл ретте ұлттық валюта салымдарының өсуі осы өңірлерде шетел валютасындағы салымдардың өсімінен асып түседі.

Шетел валютасындағы салымдардың айтарлықтай төмендеуі Шығыс Қазақстан (19,2%-ға), Павлодар (27,1%-ға) және Қызылорда (31,9%-ға) облыстарында тіркелді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!