Қазақстандықтар депозитін уақытынан бұрын ала алмауы мүмкін

14:39, 24 наурыз 2017

Ұлттық банк Қазақстанда мерзімінен бұрын алынбайтын депозиттерді енгізуді талқылап жатыр. Бұл туралы LS хабарлады.

Қаржы реттеуіші қазіргі кезде Қазақстанның екінші деңгейлі банктерімен қайтарып алынбайтын депозиттердің моделін енгізу туралы ойластырып жатқанын айтты.

Әзірге Ұлттық банк аталмыш қаржы құралының артықшылықтарын ғана атап өтті. «Әлемдік тәжірибеде қайтарылмайтын депозиттердің артықшылығы салымшының ұзақ мерзімді табыс табуына мүмкіндік жасау болып табылады. Одан бөлек, бұл құрал банктердің тұрақты қор негізін қалыптастыруына, өтімділік қаупінің төмендеуі мен ұзақ мерзімді кредиттер беруіне жол ашады», — деді қаржды реттеушісі.

IFC Markets сарапшысы Дмитрий Лукашовтың айтуынша, қайтарылмайтын депозиттердің тағы бір пайдасы банктердің жұмысын жоспарлау жеңілдей түсетіндігінде.

Ол мұндай жинақтың шарттарын банктердің өздері қойғаны мақұл дейді.

«Сонымен қатар, қаржылық ұйым ең басты шартты ұмытпауы қажет — мерзімі біткенде ақшаны пайыздық мөлшерлемесімен қосып қайтару», — дейді сарапшы.

Лукашов қайтарылмайтын депозиттер жүйесі Франция, Германия, Италия және Еуропаның басқа да мемлекеттері мен Беларусияда ба екендігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың қыркүйегінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанда мерзімінен бұрын ала алмайтын депозит жүйесін енгізуді ұсынған еді.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!