Қазақстандықтар азық-түлікке 1 трлн теңгеден астам қаржы жұмсады

12:06, 13 маусым 2019

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында бөлшек сауда айналымы 3,9 трлн теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артты.

Жалпы сауда көрсеткішіндегі азық-түлік тауарларының үлесі 32,4%-ды (шамамен 1,3 трлн теңге), азық-түлік емес тауарлардың үлесі 67,6%-ды (шамамен 2,7 трлн теңге) құрады.

Бұл ретте өнімдерді сату 5,8%-ға, ал азық-түлік емес тауарларды сату 4,6%-ға өсті.

Бес айда бөлшек сауда кәсіпорындарының үлесі 55,6%-ды (2,2 трлн теңгеден астам), ал жеке кәсіпкерлер мен қалалық базарлардың үлесі 44,4%-ды (1,7 млрд теңгеге жуық) құрады.

Ал елдегі көтерме сауда 2019 жылдың басынан бері 8,4 трлн теңгеден асты (өсім 8%).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!