Қазақстандық жетекші қаржыгерлер қаржы мамандығында оқитын 100 студентке «Mentor Pro.Finance» бағдарламасында табысқа жетуге көмектеседі

17:36, 15 қараша 2021

15 қарашада Қазақстандағы Қаржыгерлер күнінде «MentorPro.Finance» бағдарламасы басталады. Онда қаржы, есеп және аудит саласындағы жетекші мамандар қаржы индустриясында өз мансабын құруға ниет білдірген 100 үміткерге (студенттер мен жас мамандар) тәлімгер болады.

«KMF» МҚҰ және «KMF-Демеу» Корпоративтік қорының қолдауының арқасында нарық мойындаған кәсіпқойлар қатысатын «MentorPro.Finance» бірегей тәлімгерлік бағдарламасы тегін.

Қаржы мамандығының студенттері мен қаржы саласындағы жас мамандарға арналған «MentorPro.Finance» тәлімгерлік бағдарламасы 2 айға – 2021 жылдың 15 қарашасынан басталып, 2022 жылдың 15 қаңтарына дейін жалғасады.

Бағдарламаға барлық оқу орындарынан қаржы мамандығы бойынша оқитын кез келген адам қатыса алады (18 жастан 25 жасқа дейін).

  • «MentorPro.Finance – бұл қаржы, есеп және аудит саласындағы мақсаты биік студенттер мен жас мамандарға арналған тәлімгерлік бағдарламасы», — дейді KMF-Демеу қорының бас директоры Әсел Шегебаева. – Оның басты мақсаты – жастарға табысты мансап құрудың іргетасын қалауға, өз мақсаттарын жүзеге асыруға және нақты нәтижелерге жетуге көмектесу. Біз жас мамандар мен студенттерді белсенді түрде өтініш беруге шақырамыз, өйткені бағдарламаның арқасында олар мансаптық лайфхактарды, нақты тәжірибе мен білімді қалыптасқан мамандардан ала алады.
  • «Сонымен қатар, олар идеядан жүзеге асыруға дейін жеке жобаны іске қосу және дамыту бойынша кеңес ала алады», — дейді бағдарлама кураторы Ботагөз Жұманова. – Және, әрине, бағдарламаның әрбір қатысушысы кәсіби қоғамдастықтың бір бөлігіне айнала отырып, қаржы саласының менеджерлерімен жеке байланыс орната алады.

MentorPro.Finance бағдарламасының тәлімгерлері – Қазақстанның жетекші қаржы компаниялары мен ұйымдарында лауазымдары бар, халықаралық сертификаттары бар, басқарушылық тәжірибесі бар және өз тәжірибесі мен білімін жаңа ұрпақпен бөлісуге деген зор ынтасы бар қаржы саласында қалыптасқан 30 кәсіби маман.

Тәлімгерлік бағдарламасына қатысуға өтінімдер 2021 жылдың 30 қарашасына дейін Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарынан қаржылық мамандықтардың студенттері мен жас мамандардан (18 бен 25 жас) humancapital.kz сайтында қабылданады.

Анықтама үшін:

«MentorPro.Finance» —  Бұл қаржы, есеп және аудит салаларындағы мақсаты жоғары студенттер мен жас мамандарға арналған бірегей тәлімгерлік бағдарламасы.

Бағдарламаның бас серіктесі – «KMF» МҚҰ және «KMF-Демеу» Корпоративтік қоры.

«KMF» МҚҰ Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. «KMF» МҚҰ клиенттерге келесі қызмет түрлері бойынша жеке және топтық шағын несиелер береді: кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы, тауар өндіру, қызметтер көрсету және тұтынушылық несиелеу.

«KMF-Демеу» корпоративтік қоры коммерциялық емес сипаттағы әлеуметтік, мәдени, білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!