Қазақстандық жанармай бекеттері бензин бағасын тағы көтерді

20:18, 17 наурыз 2017

Бар болғаны екі, үш теңгеге. Аса көп емес сияқты.

Бірақ соңғы екі айда біртіндеп осылай екі теңгеден қосылып, қаңтар айында литріне 139 теңге тұрған АИ-92 маркалы бензині ақпанда 141 теңге, ал қазір 143 теңгеге дейін жетті. 

Бір ай бұрын 154 теңге тұрған Аи 95-маркасы қазір 155-тен саудалануда. Бұндай бағаны «ҚазМұнайГаз», «Гелиос» және «Синойл» жанармай бекеттерінен кездестіруге болады. Ең төмен бензин бағасын «Роял Петрол» жанармай станциясы ұстап тұр. Онда Аи-92 – 140 теңге. 

Жанармай бағасының қымбаттауы жөнінде жуырда Энергетика министрі Қанат Бозымбаев түсініктеме берген болатын. Айтуынша, оған елдегі мұнай өндіру зауыттары жөндеуден өтіп жатуы себеп. 

Салдарынан қазір бензин көптеп импортталып жатыр. Бағаға осы әсер етуде.

Бензин бағасы осылайша бізде өсіп жатса, ОПЕК елдері мамыр айында мұнай өндіруді қысқарту келісімінің мерзімін созбақ. Яғни бұл жанармай бағасының тұрақтануына әсер етуі мүмкін. 

Бұл туралы Сауд Арабиясының энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халед бен Абдель әл-Фалех мәлімдеді.

Брент маркалы мұнайдың бір баррельі бүгін 51,79 долларды құрады. Кешегімен салыстырғанда бар болғаны 7 центке қымбаттаған. 

Бірақ бұның өзі біздің ұлттық валютаның сәл нығаюына ықпал етті.

KASE-нің қорытындысы бойынша, бір доллар – 317 теңге 63 тиынға тең. 

Ал кеше шетелдік валюта 319 теңге 2 тиыннан саудаланған. Яғни бүгін ұлттық валюта 2 теңгеге нығайды.  

Енді елімізде квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздары бақылуға алынады.  

Бұл туралы бюджет бойынша парламенттік тыңдауда Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. 

Айтуынша, қазір Үкімет және холдингтердің қарызы жыл басынан 49,4 миллиард долларды құраған. Осыған байланысты Мәжіліс бюджеттік кодекске квазимемлекеттік сектордың сырттан қарыз аларда Үкіметпен келісу керектігі жөнінде өзгеріс енгізді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!