Қазақстандық тау шаңғысы курорттары ТМД-дағы үздіктер рейтингісіне енді

12:52, 20 қаңтар 2020

Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz — ТурСтат туристік порталы осы қыста демалуға және саяхатқа арналған ТМД елдерінің ең танымал тау шаңғысы курорттарының рейтингін жасады.

«Тау шаңғысы мен сноубордта сырғанауға арналған ТМД-ның үздік курорттары Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Армения мен Қырғызстанда орналасқан», — деп есептейді рейтинг құрастырушылар.

ТМД аумағындағы тау шаңғысы демалыс орындарының ең үздік ондығының қатарына Қазақстандағы Шамбұлақ, Алтай Альпілері мен Нұртау, Белорусьтегі Логос және Силичи, Әзірбайжандағы Шахдаг және Туфандаг, Армениядағы Цагкадзор, Қырғызстандағы Каракол және Өзбекстандағы Шымған кірді.

Айта кетейік, рейтинг ТМД-ның қысқы курорттарындағы демалыс ұсыныстары мен турларына талдау жасау нәтижесі бойынша жасалды.

2020 жылы ТМД ең танымал тау шаңғысы курорттары

  1. Қазақстан: Шымбұлақ, Алтайские Альпы и Нуртау
  2. Беларусь: Логойск, Силичи және Якут таулары
  3. Әзірбайжан: Шахдаг және Туфандаг
  4. Армения: Цахкадзор және Джермук
  5. Қырғызстан: Каракол
  6. Өзбекстан: Шымған, Белдерсай және Әмірсой

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!