Қазақстандық «Сбербанктің» басқарма төрағасының орынбасары ауысты

12:58, 24 наурыз 2017
606

«Сбербанк» еншілес банкі диреторлар кеңесінің шешімімен 2017 жылдың 17 наурызынан бастап Бикебаев Айдын Жолшыұлы банктің басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстанның қор биржасының сайтында хабарланлы.

«Сбербанк» ЕБ АҚ Сбербанктің халықаралық тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 9 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
 
Ұлттық банктің 2017 жыл 1 ақпанындағы мәліметтері бойынша Сбербанктің еншілесі активтерінің көлемі жағынан төртінші орында тұр.  Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!