Қазақстандық отбасы орта есеппен қанша табыс табады

10:00, 17 қыркүйек 2019

Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық отбасының ақшалай табысы 579 мың теңгені құрады. Табыс өсуінің негізгі көзі еңбек қызметінен түсетін табыстардың орташа есеппен 7,6%-ға (29,8 мың теңге) өсуі болды. Осы жылдың екінші тоқсанының соңындағы мәліметтерге сәйкес, әр отбасы орташа есеппен 421,5 мың теңге көлемінде еңбекақы алады. Бұл туралы Finprom.kz хабарлайды.

Ең үлкен табыс Маңғыстау облысында (852,2 мың теңге, бір жыл бұрын — 778,7 мың теңге), Нұр-Cұлтан қаласында (741,5 мың теңге, бір жыл бұрын — 722,8 мың теңге), сондай-ақ Қызылорда облысында (673,2 мың теңге, бір жыл бұрын — 596,1 мың теңге) тіркелді.

Алматыда әр отбасының орташа табысы 655,2 мың теңгені құрады — өткен жылмен салыстырғанда (597,9 мың теңге) 9,6%-ға артық.

Тұтастай алғанда, елдің жеті аймағында (республикалық маңызы бар қалаларды қосқанда) үй шаруашылығының табысы орташа республикалық көрсеткіштен асады. Басқа аймақтарда бұл көрсеткіш 473,5 мың теңгеден бастап (Жамбыл облысында) 570,5 мың теңгеге дейін (Батыс Қазақстан облысында) дәлізде тұр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!