Қазақстандық өнімдер Татарстан нарығына шықты

13:19, 19 маусым 2018

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz –  «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы Татарстан Республикасының ірі бөлшек сауда желісі үшін азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының экспортына қолдау көрсетті, деп хабарлайды «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының баспасөз қызметі.

Отандық өндіруші “Expo FOOD” ЖШС-нің жеткізген өнімдері жақында Татарстан Республикасындағы «Эссен Продакшен АГ» ЖШҚ ірі гипермаркеттері желісінің сөрелеріне түседі. Қарағандылық экспорттаушы NaturaBogata СМ-мен өлшеп буылған жармалардың 4,3 млн. теңгеден астам сомаға бірінші топтамасын (күріш сұрыпталымы, қарақұмық, арпа, ұнтақ, бұршақ, сондай-ақ пісіру пакеттеріндегі қауыздар мен жармалар) тиеп-жөнелтті.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ “Expo FOOD” ЖШС-не «Эссен Продакшен АГ» ЖШҚ компаниялар тобына (Татарстан Республикасы, РФ) кіретін ресейлік сатып алушы «Торгпартнер» ЖШҚ-мен жасалған келісімшарт бойынша экспорттық кредитті сақтандыру (төлем мұрсаты) түрінде сақтандыру қолдауын көрсетті.

«ExpoFood»” ЖШС «GreenFoods» ЖШС-нің – NaturaBogata және Будь Ласка сауда маркаларымен азық-түлік өнімдерінің кең ассортиментін шығаруға мамандандырылған қазақстандық өндірушінің еншілес компаниясы болып табылады. Өнімдер: күріш сұрыпталымын, жармалар сұрыпталымын, пісіру пакеттеріндегі қауыздарды, ботқаларды қамтиды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!