Қазақстандық кинотеатрлардың табысы қанша?
Алматы. 9 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылдың І жартыжылдығында кино және бейнефильмдер өндірісінде қазақстандық компаниялар 25,7 млрд теңге табыс тапты.
2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нарық 0,3%-ға қысқарды.
Фильмдер мен телебағдарламаларды шығарумен айналысатын студиялардың табысы жарты жыл ішінде 8,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,7%-ға кем.
Ал сатудан түскен түсім 2,6 есеге 527,1 млн теңгеге дейін артты.
Сондай-ақ, фильмдерді және телебағдарламаларды таратушылар осы кезеңде 2,7 млрд теңге табыс тапты.
Дыбыс жазу студиялары 193,9 млн теңге табыс тапты, бұл 2018 жылға қарағанда 2,7%-ға төмен.
Өз кезегінде кинотеатрлар 11,1 млрд теңге көлемінде табыс тапты. 2018 жылдың I жартыжылдығында ұқсас көрсеткіш шамамен сол деңгейде болды. Кинокөрсетілімдер нарығының өсімі 0,5%-ды құрады. Бұл ретте жыл бұрын өсім 46%-ды, ал 2017 жылы – 19%-ды құрады.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл