Қазақстандық кәсіпорындар өз қызметкерлеріне 440 млн теңге қарыз

14:51, 19 сәуір 2018
342

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Төлеген Оспанқұлов айтты деп жазады lsm.kz.

“2013 жылы бұл көрсеткіш 1,1 млрд теңге көлемінде болса, 2018 жылдың 12 ақпанында ол сома 440 млн теңгеге дейін азайды. Бұл Бас прокуратура, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы және әділет министрліктерінің ортақ жұмысының нәтижесі. Енді қызметкерлеріне үш айдан бері жалақы төлемеген 27 кәсіпорын қалды”,-деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі.

Сонымен қатар, аталған министрліктің тағы бір өкілі Ақмади Сарбасов денсаулыққа зиян тигізетін өндіріс орындарында жұмыс істейтін қызметкерлер жұмыс берушілер тарапынан 100 млрд теңге алғанын мәлімдеді.

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!