Қазақстандық банктерге 18 млн теңге айыппұл салынды

12:42, 18 шілде 2018

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz – 2018 жылғы 2-тоқсанда әкімшілік жауапкершілік көзделген бұзушылықтар үшін банктерге салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 17 млн 958 мың теңгеден асып түсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Оның ішінде:
“Qazaq Banki” АҚ – 3 млн. 843 мың теңге (нұсқау сомасынан 5% мөлшерінде төлем құжаттарын орындау тәртібін (клиенттің төлем/ақша аударымы бойынша нұсқауын орындау мерзімін) бұзғаны үшін) ;
«Астана Банкі» АҚ – 1 млн. 971 мың теңге (нұсқау сомасынан 5% мөлшерінде төлем құжаттарын орындау тәртібін (клиенттің төлем/ақша аударымы бойынша нұсқауын орындау мерзімін) бұзғаны үшін);
«Эксимбанк Қазақстан» – 9 млн 620 мың теңге (нұсқау сомасынан 5% мөлшерінде төлем құжаттарын орындау тәртібін (клиенттің төлем/ақша аударымы бойынша нұсқауын орындау мерзімін) бұзғаны үшін);

«АТФ Банк» АҚ – 1 млн. 563 мың теңге (кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтер ұсынғаны, сондай-ақ шектеулі ықпал ету шараларын уақытылы орындамағын үшін);
«Нұр Банк» АҚ – 962 мың теңге (кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтер ұсынғаны үшін).

Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктерге қатысты 64 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде:
– 24 санкция айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде;
– 40 шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде 37 жазбаша ұйғарым және 3 жазбаша ескерту.
Жүргізілген талдау нәтижелері банктердің көптеген жағдайда Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында, сондай-ақ Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде талаптар көзделген:
– банктік қарыз шартына қызмет көрсетуді;
– төлемдер мен ақша аударымдарын;
– банктік шоттарға қызмет көрсетуді;
– Ұлттық Банкпен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-әрекетті жүзеге асыруға байланысты талаптарды сақтамайтыны көрсетілді.

2018 жылғы 2-тоқсанда банктердің арасында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштері мен шағымдарын қарау нәтижелері бойынша ең көп бұзушылыққа жол берген мынадай банктерді атап өтуге болады: «Qazaq Banki» АҚ (16%) , “Астана банкі” АҚ (16%), «Сбербанк России» АҚ ЕБ (14%), «АТФ Банк» АҚ (11%), «ForteBank» АҚ (11%).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!