Қазақстандық банктердің құны өсіп келеді

10:34, 19 наурыз 2018

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz — Қор биржасында (KASE) инвесторлардың назары қазақстандық банктердің акцияларына көбірек түсуде.

Мысалы: 16 наурызда сауда-саттық аяқталғаннан кейін индекстің құрамындағы сегіз эмитентінің жетеуі оң аймақта болды.

Ең үлкен өсім Астана банкінде байқалды. Банк акциялары аптаны 1 200 теңге (+ 3,9 пайыз) деңгейінде аяқтады. Одан кейін Банк ЦентрКредиттің (+2,6) баға белгілеуі жоғарылады. Сонымен бірге, Халық банкінде де акциялар құнының шамалы өсуі байқалды (+ 0,6 пайыз).

«Қазақтелеком» АҚ (+ 2,7 пайыз) бағалы қағаздардың құны 26,7 мың теңгені құрады. Өсімді, сондай-ақ KAZ Minerals-тың бағалы қағаздары да (+ 1,7 пайыз) көрсетті.

Сонымен бірге, Kcell (+ 0,6 пайыз) мен «ҚазТрансОйл» (+ 0,4 пайыз) акцияларының бағасы да өсті.

Төмендеу тек «KEGOC» АҚ-да ғана байқалды (-0,4 пайыз).

Жалпы алғанда, KASE индексі 1,25 пайызға өсіп, 2456,26 тармақты құрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!