Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Яков Клебанов

10:58, 19 наурыз 2019
454

Яков Александрович Клебанов – 1984 жылы 27 наурызда дүниеге келген.

Отбасы:

Әкесі – Клебанов Александр Яковлевич – «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

Анасы – Клебанова Дарья Владимировна – экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Активтері: 

Яков Клебанов – теңіз кемелерінде қызмет көрсету болып табылатын «Circle Maritime Invest» АҚ Сергей Канмен (рейтингтің № 27) тепе-тең негізде иелік етеді. АҚ құрамына «Каспиан Оффшор Контракшн» ЖШС, «Каспиан Оффшор Контракшн Раша» ЖШҚ және «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС кіреді.

Circle Maritime Invest-тің Ақтау, Әзірбайжан және Түркіменстанда филиалдары бар. 2017 жылдың мамыр айында компания Hoop Lobith International B. V. – Мен алты буксир жасауға келісім-шарт жасады. Circle Maritime Invest-тің негізгі клиенті «Аджип Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (NCOC) болып табылады.

Бизнесмен – «Prime Business» ЖШС құрылыс жобаларын әзірлеу жөніндегі компанияны иеленеді, «Global Advisers» Bek Air Services Kz, G4 City, «Инком Астана», CS Investment Holding, «Теңіз Star» және «Альпари» ЖШС-де үлесі бар. Circle Maritime Invest арқылы «Solist» ЖШС (Rixos Almaty қонақ үйі) ортақ иеленушісі болып табылады.

Яков Клебанов – ресейлік бизнесмен Василий Анисимовпен Degevol UK LTD  (үлесі 25% – дан астам, бірақ 50% – дан кем) тең иелік етеді.

Дереккөз: forbes.kz ,  whoiswhopersona.info  

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!