Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Тәтішев Еркін

15:13, 22 ақпан 2019

Тәтішев Еркін Нұрелдайымұлы – 1976 жылы 22 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Білімі:

1999 жылы – Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика Университетін “Қаржы және несие” мамандығы бойынша бітіріп, экономист біліктілігін алды.
2002 жылы – Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдады.
2009-2010 жылдары Оксфорд университетінің Сан-Антонио колледжінің мүшесі болды.

Еңбек жолы:

1994 жыл – “Славинвестбанк” ЖШҚ-да маман ретінде жұмыс істеді.
1996 жылы – “Славинвестбанк” ЖШҚ Басқарма мүшесі, кейіннен Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
1997 – 1998 жылдары “Астана-Холдинг”АҚ инвестициялық департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
1998 – 2002 жылдары – “Қостанай минералдары” АҚ президенті болып сайланды.
2002 – 2004 жылдары “Қостанай минералдары” АҚ және “Оренбург минералдары”ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.
2004 жылы – “ТұранӘлем Банкі”АҚ төрағасының орынбасары және Басқарма мүшесі болды.
2006-2009 жылдары – “БТА Банкі” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, содан кейін Sekerbank T.A. S. Директорлар Кеңесі төрағасының орынбасары ретінде еңбек етті.
2010 жылдан бастап – “Kusto Managment Limited” Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
2017 жылы – Алматыда Сан-Диего High Tech High мектебінің үлгісі бойынша жобалық оқыту қағидаларына негізделген алғашқы мектепті ашты.

Отбасы:

Әкесі – Тәтішев Нұрелдай (1940 жылы дүниеге келген), қарапайым ауыл дәрігерінен Кентау қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған.
Анасы – Алтай Шомашева (1940 жылы туған), орта мектептегі физика мұғалімі.
Ағасы – Тәтішев Ержан Нұрелдайымұлы (1967-2004) — қаржыгер, банкир, “ТұранӘлем” Банкі Басқармасының төрағасы және оның ірі акционері болған.

Активтері:

Еркін Тәтішев – Қазақстанда, Ресейде, Қытайда, Вьетнамда, Таиландта, Украинада, Түркияда, Грузияда және Израильде активтері бар Kusto Group-тің тең иесі және төрағасы. Сондай-ақ, бизнесмен “Қостанай минералдары” АҚ және “Оренбург минералдары” ААҚ кіретін United Minerals Group Limited-тің, “Щучье гормолзаводы” ЖШС, KazBeef Processing және KazGrain Feeders компанияларын біріктіретін “KazBeef Group” ЖШС-нің үлестеріне ие.

Дереккөз: forbes.kz, ru.wikipedia.org, tatishevfoundation.kz

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!