Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Орифджан Шадиев

15:00, 18 ақпан 2019
1264

Шадиев Орифджан Кабулұлы – қазақстандық миллиардер, Eurasian Natural Resources Corporation Plc (ENRC) акционерлерінің бірі Патох Шадиевтің жиені, Өзбекстан Республикасында дүниеге келген.

Еңбек жолы:

2007 жылдан бастап – ENRC Logistics тобының бас директоры қызметін атқарды.

2012 жылдың тамыз айында ENRC Logistics-тің еншілес компаниясы “Жол жөндеуші” ЖШС Орифджан Шадиевке сатылғаны белгілі болды. “Жол Жөндеуші” ЖШС қатысқан ірі жобалар: Жезқазған – Бейнеу темір жолы (Арал өңірі аумағы бойынша 200 км) және Жетіген – Қорғас темір жол тармағы.

2013 жылдың сәуірінде бахрейндік TAIB Bank B.S. C. меншігіндегі “ТАИБ Қазақ Банкі ЕБ” АҚ-ның 100% акциясын сатып алады.

2014 жылы ақпан – “ТАИБ Қазақ Банкі ЕБ” АҚ-ның атау “Capital Bank Kazakhstan”АҚ-ға өзгертілді.

Активтері:

Орифджан Шадиев – Capital bank Директорлар кеңесінің төрағасы және жалғыз иесі болып табылады. “One &Top” ЖШС, “PRIME System KZ” ЖШС және “Integra Construction KZ” ЖШС-де (бұрынғы “Жол Жөндеуші”) үлесі бар. “PRIME System KZ” ЖШС арқылы итальяндық Todini Costruzioni Generali құрылыс компаниясына иелік етеді.

Банкир – “Ана үйі” қайырымдылық жобасының қатысушысы.

2018 жылы Forbes сайты құрған “Қазақстандағы ең бай бизнесмендер” рейтингінде 31 сатыға орналасты. Өткен жылы Орифджан Шадиев жағдайы 177 млн долларды құраған.


Дереккөз: forbes.kz

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!