Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Ғалымжан Есенов

16:45, 11 ақпан 2019

Есенов Ғалымжан Шахмарданұлы – белгілі ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы Шахмардан Есеновтің немересі (ұлы емес). 1982 жылы 10 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

  • Еуразиялық нарық институтын “Экономика және менеджмент” мамандығы бойынша бітірген.
  • ҚазМЗУ-де “Юриспруденция» мамандығында оқыған.
  • Бута атындағы Бизнес Мектебін Executive MBA бағдарламасымен тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2002-2003 жылдары – “Golden Grain” АӨК жанар-жағар май жабдықтарын пайдалану және жабдықтау департаментінің менеджері болып жұмыс істеді.

2003-2007 жылдары – “Сеймар” инвестициялық тобының бастығы лауазымына тағайындалды.

2007-2011 жылдары – “Альянс Банк” Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2012 жылғы наурызда – “Альянс Полис”СК” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2012 жылғы сәуірде – “Alliance — өмірді сақтандыру” Сақтандыру компаниясы” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде еңбек етті.

2011-2013 жылдары – KNG Finance ЖШС Бас директоры қызметін атқарды.

2013 жылдың сәуір айында – “АТФБанк” АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.

2013 жылдың 1 мамыры – “АТФБанк” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Басқа да қызметтері:

2013 жылы наурыз айында – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының негізін қалады.

2015 жылы шілдеден бастап – ҚР Шахмат федерациясының президенті болды.

2017 жылдың 1 наурызынан бастап – Жыл сайынғы “Алматы марафоны” халықаралық спорттық іс-шарасының ұйымдастырушысы болып табылатын “Бірінші болу батылдық” корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің жетекшісі қызметін атқарады.

2017 жылдың қазан айынан бастап – Қазақстан триатлон федерациясының Вице-президенті, Алматы Триатлон федерациясының басшысы лауазымына тағайындалды.

  • “Құрмет “орденінің кавалері (2018).

Отбасы:

Әйелі – Айжан Есімова. Ол – Алматы қаласының экс-әкімі, қазіргі “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры ” АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың қызы. 1981 жылы дүниеге келген.

Балалары: ұлы – Аллен.

Активтері:

Ғалымжан Есенов “АТФ Банк” АҚ-ның 99,7%-ын, сондай-ақ “Оптима Кыргызстан” компанияларының, “Төбет Group” күзет компаниясының” үлестерін “KNG Finance” ЖШС арқылы иеленеді.

Бизнесмен – “Аналар үйі” қайырымдылық жобасының қатысушысы, YPO Kazakhstan мүшесі, Museum of Modern Art қоғамдық қорының негізін қалаушы.

2018 жылы Ғалымжан Есенов 295 млн доллар табыс тапқан. Бұл өткен жылы Forbes сайты құрған “Қазақстандағы ең бай бизнесмендер” рейтингінде 20-шы нәтижені көрсетті.

Дереккөздер: forbes.kz, online.zakon.kz.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!