Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Әбілғазин Данияр

15:21, 14 ақпан 2019
1273

Әбілғазин Данияр Рүстемұлы – 1969 жылы 10 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1991 жылы – Ф. Э. Дзержинский атындағы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің Жоғары мектебін радиобайланыс әскери инжинері болып тәмамдаған.

2003 жылы – Қазақ ұлттық техникалық университетін “экономист” мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1991-1992 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті 1-ші басқармасының кіші жедел уәкілі болды.

1992-1994 жылдары – “ФМС Лтд” компаниясы бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

1994-1995 жылдары – “Бірінші қазақстандық ерікті зейнетақы қоры” АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

1995-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бас маманы, басқарма бастығы болып жұмыс істеді.

1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық бастығының орынбасары болды.

1997-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің директоры ретінде еңбек етті.

1998-2000 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-министрі лауазымын иеленді.

1999-2000 жылдары – Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті директорының міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

2000-2002 жылдары – “Қазақойл” Ұлттық мұнай – газ компаниясы” ЖАҚ вице-президенті-аппарат басшысы болды.

2002-2003 жылдары – “Каспий өнеркәсіптік-қаржы тобы” ЖШС Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2004-2006 жылдары – “ҚазМұнайГаз “ұлттық компаниясы” АҚ БК үлес бойынша басқарушы директоры қызметіне тағайындалды. Кейіннен, “ҚазМұнайГаз “Ұлттық компаниясы” АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2006 жылы – “Қылыш” ЖШС серіктестік комитетінің төрағасы лауазымын иеленді.

2006-2007 жылдары – “ҚазМұнайГаз “Ұлттық компаниясы” АҚ президентінің кеңесшісі ретінде еңбек етті.

2007 жылы (шілде-қазан) – “ҚазМұнайГаз”Ұлттық компаниясы” АҚ Корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры қызметіне сайланды.

2007-2008 жылдары – “Каспий өнеркәсіптік-қаржы тобы” ЖШС Бас директоры қызметін атқарған.

2008 жылы – “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры ” АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары – “Самұрық-Қазына “ҰӘҚ” АҚ-ның электр энергетикалық және мұнай-газ активтерін, мұнай-газ және тау-кен өнеркәсіптік активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры болған.

2012-2014 жылдары – “ТЭК” ЖШС Бақылау кеңесін басқарады.

2014-2015 жылдары – “KAZENERGY” ЗТБ қауымдастығы Төрағасының кеңесшісі, “Атамекен” ҰКП президиумының мұнай өнеркәсібі комитетінің төрағасы қызметтерінде еңбек еткен.

2015-2016 жылдаыры – ҚР ҰОК Бас хатшысы лауазымын иеленді.

2016 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды.

Басқа да қызметтері:

1999-2000 жылдары – “Қазақстан Халық жинақ банкі” ААҚ, “Қазақойл” ЖАҚ, “Қазатомөнеркәсіп” ЖАҚ, “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” ЖАҚ, “Қазпошта” ААҚ, “Қаз-ТрансОйл” ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, “Қазақстан Эксимбанкі” ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

2006 жылы – “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру ” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

“ҚазМұнайГаз”ҰК” АҚ, “Қазатомөнеркәсіп “ҰАК” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, “Тау-Кен Самұрық” ҰТКК” АҚ және “Қазгеология “ҰТК” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалған.

2009 жылдан бастап – “Қазақстан бокс федерациясы” ЗТБ Вице-президенті, “Қазақстан бокс федерациясы” ЗТБ Атқарушы директоры ретінде жұмыс істеді.

“Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы президиумының мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрағасы, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы, ҚР Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы, РФММ қамқоршылық кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарады.

Марапаттары:

  • “Құрмет” ордені
  • 4 медалі

Әскери шені:

Лейтенант

Отбасы:

Әйелі – Сүлейменова Айдан Төлеутайқызы.

Балалары: ұлы – Арслан (2003 жылы туған)

Активтері:

Данияр Әбілғазин “Petroleum Operating” ЖШС, “Автогаз Трейд” ЖШС (АГЗС желісі) үлестеріне ие. Оның отбасына Viled Group, “Petrosun” ЖШС, “Trade Commerce Oil” ЖШС үлестері тиесілі. ADD Invest Properties компаниясы арқылы Тимур және Динара Құлыбаевтармен бірге “Керуен”СОО, MEGA Center Astana, MEGA Center Aktobe және Астанадағы көпфункционалды Talan Towers кешенінің сауда галереясында үлестері бар.

Forbes сайты құрған “Қазақстандағы ең бай 50 бизнесмен – 2018” рейтингінде ТОП-20 кірді. Өткен жылы бизнесменнің жағдайы 317 млн долларға бағаланды. Данияр Әбілғазин бір жылда +57 млн доллар пайда тапқан.

Дереккөздер: online.zakon.kzforbes.kz

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!