Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Арманжан Байтасов

11:00, 21 ақпан 2019

Арманжан Мерекеұлы Байтасов – 1970 жылы 10 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1992 жылы – С.И. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

Арманжан Байтасовтың музыкалық білімі бар, фортепьяно класы бойынша музыка мектебін аяқтаған.

Ғылыми атағы:

Филология ғылымдарының кандидаты.

1998 жылы – ” Көзқарас мәдени генезис факторы ретінде” тақырыбында диссертация қорғады.

2001 жылы – Қазақстан Журналистика академиясының академигі болды.

Арманжан Байтасовтың музыкалық білімі бар, фортепьяно класы бойынша музыка мектебін бітірген.

Еңбек жолы:

1990-1991 жылдары – “Азия дауысы” фестивальдар мен байқаулар бөлімінің бас редакторы болды.

1991-1992 жылдары – “Мұрагер” шығармашылық бірлестігінің бас редакторының орынбасары ретінде жұмыс істеді.

1992-2000 жылдары – “31-ші арна” ТРК телерадиокомпаниясының президенті лауазымына тағайындалды.

2000-2008 жылдары – “31-ші Арна” медиа-холдингінің президенті қызметін атқарды.

2007-2008 жылдары – “Тан Медиа” Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде еңбек етті.

2008-2009 жылдары – “Нұр-Медиа” медиа-холдингінің бас директоры болып сайланды.

2010 жылы – “Icon” ЖШС президенті болды.

2010 жылы – “ТАН” ТРК Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Кейін “ТАН” медиахолдингінің Президенті лауазымын иемденді.

2011 жылдан бастап – “United Media Group” компаниясының басшысы, “Forbes Kazakhstan”журналының баспашысы қызметтерін атқарды.

2018 жылы — “Forbes Media LLC” Директорлар кеңесінің төрағасы, “Forbes Russia”журналының баспашысы болды.

Басқа да қызметтері:

1995 жылы – “Алтын Жұлдыз” телерадиобағдарламалар конкурсын ұйымдастырды.

“Назар орталығы” жән “Апта қорытындысы” секілді апта сайынғы аналитикалық ток-шоулардың авторы.

Астана телеарнасындағы “Ашық әңгіме” бағдарламасының жүргізушісі болды.

2000-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын таратушылар Ұлттық Қауымдастығының президенті лауазымына тағайындалды.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасы мен Аралдағы экологиялық апатты қоса алғанда, көптеген деректі фильмдердің авторы.

2003-2008 жылдары – “Алаш-Медиа” Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

2006-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын таратушылар Ұлттық Қауымдастығының президенті қызметіне қайта оралды.

2009 жылы – “Рауан Медиа Групп” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды.

2012 жылдан бастап – Халықаралық Бизнес Академиясының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы ретінде еңбек етті.

Қазақстанның БАҚ-ты қолдау және дамыту қайырымдылық қоры”ҚФ қамқоршылық кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

2011 жылдан бастап – Young President ‘ s Organization Қазақстандық филиалының мүшелігіне кірді.

2013 жылы – “Ана үйі” қоғамдық қорының меценаты болды.

2014 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында Байтасовтың қолдауымен өңірлік БАҚ-дардың қазақстандық форумы өткізілді. Форумның негізгі мақсаты – Қазақстанның БАҚ өкілдері мен блогерлері үшін ортақ пікірталас алаңын құру.

Медиа саласындағы бизнесмен – Қазақстандық Медиа Альянстың төрағасы, “Асыл Мирас”қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, IQanat білім беру жобасының қатысушысы.

Кәсіпкерлігі:

1992 жылы – Арманжан Байтасов “31 арна” ТРК-ін құрып, оны өзі басқарады. Ал 1994 жылы “Радио 31” жұмысын бастады. 2000 жылы “Мегаполис” газетін шығарды.

2002 жылы Алматы телеарнасы “Танды” сатып алды.

2005 жылы – “Бизнес және билік”қазақстандық іскерлік басылымын іске қосты.

2006 жылы “MuzZone” жаңа музыкалық телеарнасы ашылды.

2008 жылдың ақпан айында – бизнесмен “СТС Медиа” компаниясына “31 арна” ТРК-дағы өз үлесін 65 млн долларға сатты.

2011 жылы – кәсіпкердің бастамасымен Headline.kz ақпараттық интернет-порталы жұмысын бастады.

2011 жылдың қыркүйек айында – Байтасов “United Media Group” компаниясын құрды, ол “Forbes” журналының қазақстандық нұсқасын шығаруға лицензия алды және журналдың бірінші бас редакторы болды.

2012 жылы – құрылтайшыларының бірі Арманжан Байтасов болып табылатын Forbes Kazakhstan журналының интернет-нұсқасы іске қосылды.

2013 жылдың қыркүйек айында – бизнесменнің компаниялар тобы
Zato.kz интернет-дүкенін құрды.

2014 жылдың қыркүйек айында – “Таң” телеарнасында шығатын Qazaq News басты аналитикалық бағдарламасы іске қосылды.

Марапаттары:

  • Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты.
  • “Алтын жұлдыз” телевизиялық байқауының лауреаты.
  • “Жыл таңдауы” байқау-фестивалінде “Үздік жетекші” номинациясы бойынша “Алтын Адам” Алтын мүсінімен марапатталды.

Отбасы:

Әйелі – Айдарбекова Диляра Юрьевна.

Балалары: ұлы – Санжар (1992 жылы туған); қыздары – Айдана (1996 жылы туған) және Әйгерім (2001 жылы туған).

Активтері:

Арманжан Байтасов – MuzzOne және НБТ (Бішкек, Қырғызстан) телеарналарына ие. Forbes Kazakhstan және Forbes Georgia журналдарында, “Jet Airlines” АҚ әуекомпаниясында, ICON телекоммуникациялық компаниясында және бірқатар девелоперлік жобаларда үлесі бар. 2018 жылдың көктемінде “Бизнес-FM” радиосын іске қосты.

2018 жылы Forbes сайтының қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды және ең бай 50 бизнесменнің қатарына кірді.

Өткен жылы кәсіпкердің жағдайы 81 млн долларды құраған. 2017 жылы бұл көрсеткіш 77 млн долларға тең болған еді.

Дереккөздер: forbes.kz, ru.wikipedia.org, online.zakon.kz.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!