Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Анатолий Балушкин

17:00, 15 ақпан 2019
871

Балушкин Анатолий Михайлович – 1970 жылы 28 мамырда дүниеге келген.

Отбасы:

Анатолийдың әкесі Құбыр металлургиялық компаниясының цехтарының бірінде бас электрик, ал анасы мұғалім болған.

Білімі:

  • Жоғары, заңгер мамандығын бітірген.

Еңбек жолы:

Мектеп бітіргеннен кейін бірден ҚМК-да автомеханик болып жұмысқа орналасты. Біраз уақыттан кейін әскерге шақырылды.

Әскерден кейін ҚМК-да қалыптаушы болып жұмыс істеді.

Кәсіпкерлігі:

1992 жылы – “БИПЭК” фирмасы тіркелді. Осы сәттен бастап кәсіпкер өз өмірін автокөліктермен байланыстырды.

1992 жылы Өскеменге LADA автокөліктерін жеткізген “БИПЭК” компаниясы уақыт өте қамту аймағын кеңейте түсті. Сол арқылы Қазақстанның көптеген аймақтарында ел тұрғындарына автомобильді өркениетті сатып алу және қызмет көрсету мүмкіндігін ұсынған алғашқы компания болды.

2002 жылы – Анатолий Михайлович командасымен бірге Өскеменде “АЗИЯ АВТО” автоқұрастыру зауытын іске қосты. Республика аумағында шығарылған бірінші модель LADA 4×4 жол талғамайтын көлігі болды.

2005 жылы Škoda Auto еуропалық концерні зауыттың технологиялық серіктесі болды. 2007 жылдың маусымында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Chevrolet автомобильдерінің өндірісін іске қосу рәсімін ашты.

Өскемен қаласында “АЗИЯ АВТО Қазақстан” автоөнеркәсіптік кластерінің құрылысы жүріп жатыр.

Бүгінгі таңда “БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО” Қазақстандағы автомобиль техникасының ірі жеткізушісі және өндірушісі болып табылады. Оның серіктестері қатарында жаһандық жетекші автоконцерндер бар: Renault-Nissan-АВТОВАЗ, Škoda Auto, General Motors және KIA Motors.

2016 жылы “БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО” компаниялар тобы Lada автокөліктерінің алғашқы партиясын Түркменстан мен Қырғызстан нарығына жіберді. Ал 2017 жылдың басында Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытайға Өскеменнен құрастырылған автомобильдерді экспорттық жеткізу басталды.

2017 жылы Анатолий Балушкиннің компаниясы Ресей Федерациясының аумағындағы АВТОВАЗдың ірі дилері болды.

1992 жылдан бастап 2017 жылға дейін қазақстандықтар компания филиалдарынан 484 мыңнан астам жаңа автокөлік сатып алған.

Басқа да қызметтері:

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты қызметін атқарады.

2007 жылы – Өскемен қаласында мәслихат депутаттарының бірінші, тұрақты жұмыс істейтін қоғамдық қабылдауын құрған.

Қайырымдылық қызметтері:

Кәсіпкер “Баланы дамыту орталығы” мекемесінің жұмысына қолдау көрсетеді. ҰОС ардагерлері ұйымының Өскемендегі бөлімшесіне, басқа да қоғамдық ұйымдарға: соқырлар қоғамына, іскер әйелдер қауымдастығына және т. б. үнемі қаражат бөледі.

2013 жылы Анатолий Балушкиннің демеушілігімен Өскемен қаласындағы православиелік ғибадатхана қалпына келтірілді. Өскемен қаласында балалар алаңдарының жұмысы қаржыландырылды: балаларға арналған би студиясы ашылды, Балалар жексенбілік мектебінің жұмысы қамтамасыз етіледі, балаларды қорғау күніне арналған акциялар, жыл сайынғы конкурстар өткізіледі. Мүгедек балаларға, ҰОС қатысушыларына, мүгедектеріне және тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетеді. “Баланы мектепке жина” акциясын өткізеді.

Бизнесмен “БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО” компаниялар тобының қызметкерлері үшін әлеуметтік-корпоративтік бағдарламаларға бастама жасады: демалыс және сауықтыру бағдарламасына ақы төлеу, ауыр өмірлік жағдайларда материалдық көмек көрсету, балабақшаға ақша төлеу бойынша жеңілдіктер, тамақтануға төлеу, жол жүруді қамтамасыз ету, үнемі жалақы индекстеледі, “Компанияның еңбек сіңірген қызметкері” атағы бекітілді.

Анатолий Балушкин компаниясы қайырымдылық және әлеуметтік мақсаттарға 24 млн доллардан астам қаражат жұмсады.

Активтері:

Анатолий Балушкин – “БИПЭК Авто-Азия Авто” компаниялар тобының негізін қалаушы, акционер және Директорлар кеңесінің төрағасы. Топтың Ресейдің 15 қаласында 20 дилерлік орталықтары бар. Компаниялар тобына Қазақстан мен Ресей аумағындағы дистрибьюторлық және дилерлік компаниялар, қуаттылығында Lada, Kia, Chevrolet, Skoda маркалы автомобильдер шығаратын қазақстандық “Азия Авто” автоқұрастыру зауыты, сондай-ақ салынып жатқан “Азия Авто Қазақстан” толық циклінің зауыты кіреді.

2018 жылы Forbes сайты құрған “Қазақстандағы ең бай бизнесмендер” рейтингінде 35 сатыға орналасты. Өткен жылы бизнесменнің жағдайы 165 млн долларды құраған.

Дереккөздер: forbes.kz100esim.el.kz

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!