Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Абылай Мырзахметов

11:46, 19 ақпан 2019
1118

Мырзахетов Абылай Исабекұлы – 1969 жылы 1 қаңтарда қазіргі Түркістан облысы, Созақ аудыны, Жарты төбе ауылында дүниеге келген.

Білімі:

1992 жылы – М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – экономист.

Ғылыми атақтары:

2003-2004 жылдары – М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін аспиранты.

2006 жылы – Экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: “Қазақстан Республикасының экспорттық-транзиттік қызметі және оның елдің көлік жүйесінің дамуына әсері”.

Еңбек жолы:

1992-1994 жылдары – “Алтын-Алма “концерні” АҚ қаржы директоры болды.

1994-1996 жылдары – “Политэк” жабық үлгідегі акционерлік қоғамының бас директоры қызметін атқарды.

1994-1997 жылдары – “Айсель-Қазақстан” АҚ Бас директоры лауазымын иеленді.

1997-1998 жылдары – “Қазақстан темір жолы” РМК бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары болды.

1997-2001 жылдары – “Қазақстан темір жолы” РМК бас директорының міндетін атқарушы, бас директоры қызметтерінде еңбек етті.

2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі лауазымына тағайындалды.

*2002 жылдың наурыз айында – қылмыстық істі тергеу кезінде қызметінен шеттетілді. 2002 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті тұтқындады. 2003 жылдың мамыр айында мемлекеттік мүлікті ұрлауды ұйымдастырғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

2002-2004 жылдары – “Dala Group” ЖАҚ бас директорының кеңесшісі міндетін атқарды.

2005 жылы – Қазақстан Республикасы СӨП Одағының президенті болды.

2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы СӨП Президенті, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы төралқасының төрағасы қызметтерінде еңбек етті.

2007 жылы – “Атамекен” одағы “Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы” заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі ретінде тіркелді.

2009 жылы – “Бүркіт” ҚПК ” ЖШС Бас директоры болды.

2011-2013 жылдары – “Атамекен” одағы “Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы” заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

2013 жылдан бастап – “Атамекен” ҰКП Басқарма төрағасы болды.

Басқа да қызметтері:

1998-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы шахмат федерациясының президенті қызметін атқарды.

2003 жылы – “Москоммерцбанк” АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.

2005-2007 жылдары – “Атамекен” одағы үйлестіру кеңесінің мүшесі болған.

2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі ретінде тіркелді.

2005 жылы – “Dala Group” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

2009 жылы – “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ ” АҚ жанындағы Қоғамдық-Консультативтік кеңестің жауапты хатшысы лауазымында еңбек етті.

2010 жылы – Қазақстан Республикасы кәсіпкерлер бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің мүшесі болды.

2012 жылы – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Бірыңғай үйлестіру кеңесінің мүшесі ретінде танылды.

2017 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелігіне сайланды.

2018 жылдың маусым айында – Қазақстан тарапының өкілі ретінде ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне енгізілді.

Марапаттары:

  • “Құрмет” Ордені (2000);
  • “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл” мерейтойлық медалі (12.2016)
  • 3 дәрежелі Барыс орденінің кавалері (2017)
  • “Астанаға 20 жыл” мерейтойлық медалі (2018)

Отбасы:

Үйленген, қызы және ұлы бар.

Ағасы – Асқар Мырзахметов, мемлекет қайраткері. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, ҚР-ның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Ауылшаруашылығы министрі, ҚР Премьер-министірінің орынбасары және т.б. мемлекеттік қызметтерді атқарған. Қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімі болып табылады.

Активтері:

Абылай Мырзахметов “Green House – Зеленый Дом” ЖШС және “Комбинат “Фараб” ЖШС үлестеріне ие.

Forbes сайтының “Қазақстандағы ықпалды бизнесмен – 2018” рейтингінде 27 сатыға орналасты.

Дереккөздер: online.zakon.kzforbes.kz,wikipedia.org

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!