Қазақстандағы балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 2020 жылы қайта қаралады

10:07, 19 тамыз 2019

Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан Үкіметі 2020 жылы ауру балаларға арналған балабақшалар мен мектептер тәрбиешілерінің жалақысын көтеру мәселесін қарастырады. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің твиттер арнасында хабарлады.

«Менің атыма науқас балаларға арналған балабақшалар мен мектептердің тәрбиешілерінен олардың құқықтарын мұғалімдермен теңестіріп, жалақыларын көбейту жөнінде өтініштер келіп түсуде. Үндеріңіз маған жетті. Келесі жылы Үкімет осы мәселені қарастырады», — делінген Президент жазбасында.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың 16 тамызында ел Президенті жақын төрт жыл ішінде қазақстандық мұғалімдердің жалақысын екі есе арттыруды тапсырған болатын. «Педагогтің мәртебесі туралы» жаңа заң жобасы шеңберінде жалақыны көтеру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, заң жобасында барлық санаттағы мұғалімдер үшін жыл сайынғы 56 күнтізбелік күндік ақылы еңбек демалысы қарастырылған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!