Қазақстанда жыл соңына дейін жаңа тау шаңғысы базасы пайда болады

18:22, 12 желтоқсан 2019
597

Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz — 2019 жылдың желтоқсан айының соңына дейін Жамбыл облысында 3,5 млрд теңгенің тау шаңғысы базасы іске қосылады.

Аймақтық туризм басқармасының хабарлауынша, курорт Каралма шатқалында орналасқан.

«Жобалық құны 3,55 млрд теңгеге бағаланады. Жобаның инвесторлары — қазақстандық компаниялар», – деді мемлекеттік құрылымда.

Кешен құрылысы 2018 жылы басталған. Осылайша, жыл соңына дейін бугельді арқан жолын, ал 2020 жылы класстерлік жолды ашу көзделіп отыр. Сонымен қатар, арқан жолының жобалық-сметалық құжаттамасын ресейлік және қазақстандық компаниялар әзірлеген. Жұмыстар аяқталды. Арқан жолына арналған жабдық Ресейде сатып алынған.

«Жабдықтар бүгінгі күні толығымен жеткізілді. Арқанды жол тіректерін орнату үшін анкерлермен бірге іргетастар дайындалды», — деп түсіндірді мекемеде.

Басқармада өткізу қабілеті сағатына 2,5 мың адамды құрайтынын атап өтті. Жалпы, туристік ағынның орташа есеппен жылына 45 мың адамға артуы күтіліп отыр. Бұдан басқа, қазір коттедждер мен алаңішілік инженерлік желілерді жобалау жүргізіліп жатыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!