Қазақстанда жұмыссыздар саны өсті

11:08, 12 маусым 2019

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz — Қазақстанда жұмыссыздар саны 1,1%-ға артып, 442,9 мың адамға жетті. Оның ішінде 15-28 жас аралығындағы жастар 83,7 мың адамды құрады, деп хабарлайды Finprom.kz.

Өткен жылдың талданып отырған кезеңінде жұмыссыздар саны 0,3% төмендеген кезде 437,8 мың адамға тең болды. Дегенмен, есептік кезеңде соңғы жылдары жұмыссыз халық санының төмендеу динамикасы байқалады. Өсім тек ағымдағы жылы ғана тіркелді. Бұл ретте елдегі жұмыссыздық деңгейі жылына — 4,9%-дан 4,8%-ға дейін төмендеді.

2019 жылдың бірінші тоқсанының аяғында жұмыс күшінің саны 9,2 млн адамды құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға артық (9 млн адам). Жұмыспен қамтылған халық өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда (8,5 млн адам) 2,3% артып, 8,7 млн адамға жетті. Оның 76,4%-ы немесе 6,7 млн адам — жалдамалы қызметкерлер. Өз кезегінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық 2,1 млн адамды немесе халықтың жалпы санының 23,6%-ын құрады.

Ағымдағы жылдың І тоқсанының соңында жұмыссыздардың ең көп саны Алматыда тіркелді: 51,2 мың адам, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен (49,6 мың адам) 3,3%-ға артық. Жұмыссыз халық саны бойынша екінші орынды Алматы облысы алады: 49,6 мың адам (бір жыл бұрын — 48,9 мың адам). Аутсайдер-өңірлердің үштігіне Түркістан облысы да енді — 41,3 мың жұмыссыз.

Жұмыссыздықтың ең аз деңгейі Солтүстік Қазақстан (14,6 мың адам), Маңғыстау (15 мың адам) және Атырау (16,2 мың адам) облыстарында байқалады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!