Қазақстанда жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық алаңы дайындалады
Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz — Қазақстанда жұмысқа орналастырумен 50-ден астам жеке меншік агенттіктер мен сайттар айналысады. Олардың көбі ірі қалаларға басымдық берген. Өңірлерде де белсенді жұмыс істейтіндері баршылық, алайда басқа әріптестерімен байланыспағандықтан, өз қалалары мен облыстарының аумағынан ары аса алмайды.
Статистикаға сүйенсек, 2017 жылдың қараша айында 440 мың жұмыссыз азамат тіркелген. Алматы мен Астана қалаларында жұмысқа орналастыру мәселесімен 320 мыңнан аса азамат өтінім берген. Ал ауылдық жерде 160 мыңнан аса азамат, яғни шамамен 49 пайызы өтінім берген.
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Жанат Естаевтың айтуынша, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасында еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын дайындау қарастырылған. Жұмыс істеуге және қызметкер таңдауға көмектесетін электронды «Еңбек биржасы» болады. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен біріктіріліп, жеке меншік жұмыспен қамту агенттіріктері мен жұмыс істеу және қызметкер таңдау порталдарының базасын қамтиды.
“Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың кәсіби біліктілігі, оларды оқыту және жұмысқа орналастыруға қатысты функцияларды аутсорсингке беру қарастырылып отыр. Осы мақсатта 2018 жылы 1,5 млрд теңге бөлу жоспарланған”, – деп хабарлады Жанат Естаев.
Сондай-ақ, жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктері білім беру қызметін де көрсетуді жоспарлап отыр, себебі жұмыссыз қалған азаматтарға қайта мамандану қажет. Мұның барлығы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүргізіледі.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл