Қазақстанда жұмыспен қамту қызметтеріне 204,2 млрд теңге жұмсалды

10:36, 23 қыркүйек 2019
159

Алматы. 23 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда бірінші жартыжылдықта жұмыспен қамту қызметтеріне 204,2 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды EnergyProm.

Өңірлік бөліністе жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктер мен ұйымдардың қызметтерін Атырау облысы ең көп пайдаланды – 173,2 млрд теңге, бір жыл ішінде 36,3%-ға өсті. Екінші орында Алматы – 11,8 млрд теңге, бір жыл ішінде 3,2%-ға өсті. Үшінші орында Батыс Қазақстан облысы – 9,3 млрд теңге, жылдық өсім 33,1%.

Солтүстік Қазақстан (3,9 млн теңге) және Түркістан облыстарында (10,2 млн теңге) жұмысшыларды іздеуге аз көңіл бөлінді.

Источник: 7kun.kz


Пікір