Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан 15 мыңға жуық адам зардап шекті

09:57, 16 қазан 2019

Алматы. 16 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында 10,1 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, нәтижесінде 14 781 адам зардап шекті, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің сайтында.

2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда апатты жағдай 4,6%-ға өсті.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 18,9 млрд теңгеге 48 842 сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды.

Сонымен қатар, есепті кезеңде республикада тіркелген жеңіл автомобильдер саны 3,7 млн бірлікті құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!