Қазақстанда Жемқорлыққа қарсы шеберхана жұмысын бастайды

15:05, 12 қазан 2019
481

Алматы. 12 қазан. 7kun.kz — «Zertteu Research Institute» Қоғамдық қоры 2019 жылдың 14-30 қазаны аралығында Қазақстанның жеті қаласында «Жемқорлыққа қарсы шеберхана» семинар-тренингін өткізеді.

14 қазанда, Алматы қаласында жұмысын бастайтын шеберхана, 16 қазан — Қызылорда, 18 қазан — Шымкент, 21 қазанда — Ақтау,         23 қазан  — Атырау, 28 қазан – Петропавл қалаларында өтіп, 30 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында аяқталады.

Жобаға аймақтардағы Арнайы мониторинг тобы мүшелері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, белсенді азаматтар мен жастар қатысады. Жоба аясында барлық аймақта 175 астам қатысушы қамтылады.

Жобаның мақсаты – Қазақстанда жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениет қалыптастыру, жемқорлықпен күрес саласына үлес қосатын белсенді азаматтарға эффективті, пайдалы құралдар бойынша білім беру.

Шеберханада қатысушылар тәжірибелі мамандардың көмегімен сыбайлас жемқорлықпен күрес саласын реттейтін заңнамалармен танысып, пайдалы, тиімді құралдармен жұмыс істеуді, бұл процеске қоғамдық қатысу жолдарын үйренеді. Шеберхана кезінде тәжірибе жұмыстарына, құралдармен жұмыс істеуге басымдық беріледі. 

Бұл жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылып отыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!