Қазақстанда жастарды жұмысқа орналастыру бағдарламасы енгізіледі

Алматы.12 маусым. 7kun.kz — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі ұлықтау рәсімінде Қазақстандықтардың жас буынына үндеу жолдады.
«Жас ұрпаққа ерекше назар аударғым келеді. Сіздер Қазақстанды дамытуда шешуші рөл атқарып, прогрестің қозғаушы күші болуларыңыз тиіс. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. «Жастар — ел тірегі» арнайы жобасы іске қосылды. Біз «Жас кәсіпкер» жастардың бизнес-бастамаларын дамыту бағдарламасын жүзеге асырудамыз, жастар стартаптарды қолдайтын боламыз», — деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жастарды жұмысқа орналастыру бағдарламасы енгізілетінін хабарлады.
«Менің міндетім — сіздердің ең үлкен армандарыңызды жүзеге асырып, жеке табыс тарихын құруыңыз үшін барлық мүмкіндіктерді жасау. Жас талантты басқарушыларды мемлекеттік қызметтің барлық деңгейлеріне шығару үшін президенттік кадрлық резерв құрылатын болады. Біздің жастарымыз мақсатты, еңбекқор, креативті, сондықтан Қазақстанның болашағы сенімді қолда», — деп атап өтті ҚР Президенті.
Источник: 7kun.kz
Тағы да оқыңыздар:
-
18:01, 13 желтоқсан 2019
Қазақстанның бюджетіне аударылатын қаражат көлемі өсті
-
17:24, 13 желтоқсан 2019
FlyArystan алғашқы халықаралық рейсін орындады
-
16:31, 13 желтоқсан 2019
LRT ісі бойынша кінәлілердің есімдері аталды
-
15:53, 13 желтоқсан 2019
Президент 200 кәсіпорынды цифрландыруды тапсырды
-
15:21, 13 желтоқсан 2019
Америкалық Tyson Foods Қазақстанда зауыттар салады
Пікір