Қазақстанда түскі сауда барысында доллар тағы қымбаттады

16:11, 5 желтоқсан 2024

© Фото: freepik

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 5 желтоқсанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,84 теңгеге көтеріліп, 524,65 теңгені құрады.

Юаньнің орташа сараланған бағамы да 0,14 теңгеге өсіп, 72,04 теңгені құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 525,4-527,9 теңгеге, еуро 543,1-550,4 теңгеге, рубль 4,9-5,1 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 5 желтоқсандағы аукционда мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Brent маркалы мұнай 6 центке немесе 0,08%-ға қымбаттап, барреліне 72,37 долларды құрады. АҚШ-тың West Texas Intermediate мұнай фьючерстері алдыңғы сессиямен салыстырғанда 7 центке немесе 0,10%-ға жоғарылап, барреліне $68,61 құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 513 теңге, еуроны 541,16 теңге, рубльді 4,69 теңге деп белгіледі.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!