Қазақстанда туристік полиция құрылды

15:26, 19 сәуір 2019

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен ІІМ алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысына елімізде туристік полиция құрылатыны туралы мәлімдеді.

Еліміздің Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бекіткен туристік саланы дамыту тұжырымдамасы аясында ІІМ бастамасымен «Е-виза», «Е-қонақ үй» электронды базасын құру жөнінде ұсыныс жасалды.

Бүгінгі күні 117 елдің азаматтары үшін визалар электронды түрде беріледі және мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде автоматты түрде тіркеледі. «E-қонақ үй» деректер базасы шетелдіктердің тұратын жерлерін есепке алуды қалыптастыруға және тіркеу үшін полицияға бару міндетін болдырмауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде шетелдіктер мен инвесторларды тарту, шетел азаматтарының елде болу кезінде жайлылық пен қауіпсіздік жаңа бөлімше — туристік полициямен қамтамасыз етіледі. Туристік полицияның басты міндеті — туристер мен қонақтарды қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес беру, ақпараттандыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бірінші кезеңде бұл бөлімшелер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында құрылды.

Туристік полиция қызметкерлері бейнетіркегіштермен, планшеттермен, рациялармен жбдықталады және мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін, ел тарихын білуге, сондай-ақ коммуникабельді және жедел болуға тиіс.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!