Қазақстанда 1,5 трлн теңгеге ипотекалық қарыз берілді

16:19, 13 қыркүйек 2019
606

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz – Тұрғын үйге қол жетімділікті арттыру — Үкіметтің басым міндеттерінің бірі: бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған болатын. Бұл бағыттағы басты көрсеткіштердің бірі — ипотекалық қарыздар. Ипотекалық несиенің қол жетімділігін арттыру үшін мемлекет жеңілдікті шарттармен әр түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жасайды. Соңғы үш жылда ипотекалық несиелер айтарлықтай өсуді көрсетті. Мұндай мәліметтерді finprom.kz келтіреді.

Ағымдағы жылдың шілде айының соңында берілген ипотекалық қарыздардың сомасы бір жылда 30,2%-ға артып, 1,5 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде ипотекалық кредиттер 1,2 трлн теңгені құрап, бір жыл ішінде 15,7%-ға өсті.

Сондай—ақ, ҚР кредиттік нарығы бойынша ипотекалық қарыздардың маңыздылығы артып келеді: ағымдағы жылдың шілде айының соңында ипотеканың үлесі 11,8%-ды құрады (бір жыл бұрын — 9,1%, бес жыл бұрын — барлығы 7,7%). Ағымдағы жылдың тамыз айында несие нарығы небәрі 0,8%-ға, 13,1 трлн теңгеге дейін өсті.

Ипотекалық несиелер ипотекалық ұйымдармен де, екінші деңгейлі банктермен де беріледі. Қарапайым қарыз құралдарымен қатар, ипотекалық арнайы бағдарламалар жұмыс істейді, олардың мақсаты тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін арттыру болып табылады. Осы бағдарламалардың біреуін іске асыруға тек 7 банк қатысады, яғни 7–20–25: «ЦентрКредит банкі» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Халық банкі» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «First Heartland Jysan Bank» АҚ, «ForteBank» АҚ және «Еуразиялық банк» АҚ.

Жалпы, «7–20–25» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 201,3 млрд теңгеге 17,8 мың өтініш келіп түсті, оның ішінде 120,3 млрд теңгеге 10,5 мың өтінім мақұлданды. Өтінімдерді мақұлдаудың жалпы пайызы 58,9%-ды құрады.

Қарыздардың көп бөлігі елдің үш мегаполисінде берілді. Сонымен, 2019 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында «7–20–25» бағдарламасының мақұлданған өтінімдері бойынша берілген несиелер сомасы 43,3 млрд теңгеге жетті, бұл несиелердің жалпы көлемінің 40,7%-ын құрайды.

Өңірлер бойынша екінші орынды Алматы алды, онда жалпы сомасы 24,5 млрд теңгеге немесе 23% қарыз берілді. Үштікті Шымкент қаласы түйіндейді: 4,5 млрд теңге, үлес жалпы соманың 4,2%-ын құрады. Бұл үш өңір мақұлданған өтінімдер бойынша берілген барлық қарыздардың 67,9%-ын шоғырландырады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!