Қазақстанда төрт жаңа арнайы экономикалық аймақ құру жоспарланып отыр

11:24, 21 мамыр 2019

Нұр-Сұлтан. 21 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда төрт жаңа арнайы экономикалық аймақ (АЭА) құру мүмкіндігі қарастырылуда, — деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

«Қазіргі уақытта министрлік әкімдіктердің Петропавл, Қостанай, Ақтөбе және Байқоңыр қалаларында қосымша 4 АЭА құру туралы ұсыныстарын қарастыруда», — делінген сейсенбі күні Үкімет отырысында таратылған министрліктің материалдарында.

Ведомство басшысы Роман Склярдың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 12 АЭА бар, оның аумағында 2002 жылдан бері 183 жоба іске асырылған, олардың 46-сы шетелдік компаниялардың қатысуымен.

«2021 жылға қарай АЭА аумағында 2 трлн теңгеден астам сомаға 147 жоба жүзеге асырылады. 2019 жылы жалпы құны 160 млрд теңге болатын 36 жоба іске қосылып, 1200 жұмыс орны ашылады. 2021 жылға қарай жалпы сомасы 1,9 трлн теңгеге 111 жоба іске қосылады», — деді Скляр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!