Қазақстанда табиғи газ өндіру 3,6%-ға өсті

10:36, 19 сәуір 2019
1919

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың алғашқы үш айында табиғи газ өндіру 14,6 млрд текше метрге жетті. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артық, оның ішінде газ тәріздес күйдегі табиғи газ 5,9 млрд текше метрді құрады, деп хабарлады Energyprom.

Өңірлік бөліністе 2019 жылдың екі айының қорытындысы бойынша сұйық және газ тәріздес күйдегі табиғи газ өндірудің 44,3%-ы Атырау облысына (жылына 4,3 млрд текше м, +13,3%), 35,3%-ы Батыс Қазақстан облысына (жылына 3,4 млрд текше м, -1,7%), 12,1%-ы Ақтөбе облысына (жылына 1,2 млрд текше м, +6%) тиесілі болды.

ОПЕК бағалауы бойынша, 2017 жылы табиғи газ өндіру бойынша әлемдік көшбасшы 762,3 млрд текше метр көлеммен АҚШ (әлемдік газ өндірудің 20,4%)болды. Екінші орынға 649,6 млрд текше метр көлемімен Ресей (17,4%), үшінші орынға 238 млрд текше метр өндірілген Иран (6,4%) орналасты. ОПЕК елдерінің үлесі 21,3%, ЭЫДҰ елдерінің үлесі — 36,4%-ды құрады.

Рейтингте Қазақстан газ өндіру бойынша ТОП-30 елдің қатарына кірді. Көлемі 22 млрд текше метрмен 30 орынға жайғасты, ол 0,6%-ды құрады.

Ал табиғи газ қоры бойынша, ОПЕК деректеріне сәйкес, 2017 жылы көшбасшылар: 1) Ресей — 50,6 трлн текше метр (25,4% үлесімен), 2) Иран — 33,8 трлн текше метр (17% үлесімен), 3) Катар — 23,9 трлн текше метр (12% үлесімен).

2017 жылы Қазақстан табиғи газ қоры бойынша әлемде 19 орынды иеленді. ОПЕК-тің хабарлауынша, елімізде 1,9 трлн текше метр газ бар.

ҚР ҰЭМ СК деректері бойынша табиғи газдың экспорты 2019 жылдың қаңтар–ақпан айларында 4,9 млрд текше метрге немесе 512 млн долларға жетті (жылдық өсім — табиғи мәнде 2,6% , ақшалай мәнде 50,4%). Қаңтар-ақпан айларында отандық газдың негізгі сатып алушысы Ресей болды (1,7 млрд текше метр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға артық). Ақшада бұл 34,3 млн долларды құрайды, көрсеткіш 2018 жылға қарағанда 22,4%-ға көп.

Айта кетейік, 2018 жылы Қазақстаннан газ экспорты 26,5 млрд текше метрді құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 3,5%-ға артық. Ақшада экспорт 2,2 млрд долларға жетті, бір жыл ішіндегі өсім 37,6% болды. Жеткізу көлемі бойынша Ресей (қазақстандық экспорттың 35%), ақша түрінде — Қытай (45,3%) және Украина (29,7%) көш бастады.

ОПЕК ақпараты бойынша, 2017 жылы негізгі әлемдік табиғи газды экспорттаушылар Ресей (экспорт көлемі — 212,5 млрд текше м), Катар (128,6 млрд текше м) және Норвегия (122,5 млрд текше м) болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!