Қазақстанда смартфонды «лизингке» беретін сервис іске қосылды

15:19, 21 қаңтар 2020
461

Forward Leasing компаниясы қазақстандықтарға соңғы үлгідегі ұялы телефонды сатып алмастан, қолдануға мүмкіндік беретін сервисті іске қосты. Бұл туралы компаниядан хабарлады.

Forward қызметін қолданушылар жаңа телефонның  ай сайынғы қолдану ақысын ғана төлеп, пайдалануға мүмкіндік береді.  Әзірше бұл сервистің көмегімен Samsung телефондарын алуға болады. Компанияның хабарлауынша болашақта смартфон түрлері көбейе түспек.

Кредит пен бөліп төлеуге ұқсамайтын қызмет түрі бұған дейін  Ұлыбритания, АҚШ, Корея, Ресейде болған. Мұның ерекшелігі – смартфон меншігіңізге өтпейді, ай сайын тек қолданғаныңыз үшін төлейсіз және жаңа смартфон алғыңыз келсе кез-келген уақытта дүкенге қайтарып, жаңа үлгісін алуға болады. Мұның бәрін дүкенге бармастан онлайн жүзеге асыруға болады.

Айта кетейік, Forward Leasing – Home Credit халықаралық тобының бір бөлігі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!