Қазақстанда салық түсімдері 28%-ке өсті

10:27, 11 ақпан 2019

Алматы. 11 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтарында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері 593,3 млрд теңгені құрады.

2018 жылдың бірінші айындағы көрсеткішпен салыстырғанда (463,3 млрд теңге) алынған ақша көлемі 28%-ке өсті.

Салық түсімдері бойынша Алматы (125,7 млрд теңге) және Атырау (106,9 млрд теңге) көш бастап тұр. Астана қазынаға 81,8 млрд теңге, Алматы облысы – 44,3 млрд теңге, Қарағанды облысы – 29,9 млрд теңге әкелді.

Өз кезегінде ШҚО – 26,5 млрд теңге, БҚО – 26,1 млрд теңге, Маңғыстау облысы – 24,7 млрд теңге, Ақтөбе облысы – 20,9 млрд теңге, Павлодар облысы – 16,6 млрд теңге, ал Түркістан облысы – 10,1 млрд теңге салық төледі.

Сонымен бірге, Шымкентте 10 млрд теңге, Қостанай облысында – 9,7 млрд теңге, Ақмола облысында – 8,8 млрд теңге, Қызылорда облысында – 8,7 млрд теңге, СҚО-да – 4,7 млрд теңге, Жамбыл облысында – 4,7 млрд теңге төлемдер жиналды.

Сонымен қатар, қаңтарда Ұлттық қорға 111,3 млрд теңге түсті. Салықтар мен төлемдер көлемі 23,4%-ке (2018 жылдың қаңтарында 90,2 млрд теңгеден) өсті.

Ең үлкен көлем Атырау (86,4 млрд теңге) және Маңғыстау облысынан (10 млрд теңге) түсті. Ақтөбе облысы Ұлттық қорға 5,3 млрд теңге, Қызылорда – 5,2 млрд теңге, Астана – 2,1 млрд теңге, Түркістан – 1,4 млрд теңге, ал БҚО – 538,5 млн теңге жіберді.

Ал, Алматы қаласынан – 215,6 млн теңге, Алматы облысынан – 29,8 млн теңге, ШҚО-дан – 5,6 млн теңге, Жамбыл облысынан – 1,1 млн теңге, Павлодар облысынан – 395 мың теңге, Қарағанды облысынан – 346 мың теңге, Ақмола облысынан – 301 мың теңге түсті.

Қостанай облысынан, СҚО мен Шымкенттен салық түскен жоқ.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!