Қазақстанда Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі құрылады

12:14, 22 шілде 2019

Алматы. 22 шілде. 7kun.kz – Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мекеменің штат саны 33 бірлік мөлшерінде белгіленсін. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мекемеге қатысты уәкілетті орган болып айқындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті мекеме директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгіленсін»- делінген қаулыда.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылатын болады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Қалиев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!