Қазақстанда орташа зейнетақы 85 мың теңгеден асты

10:56, 24 маусым 2019

Алматы. 24 маусым. 7kun.kz — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев есеп беру кездесуінде зейнетақы мөлшері шын мәнінде қандай екенін айтты.

«Өткен жылдан бастап зейнетақыны анықтау әдістемесі өзгерді. Жұмыс өтілі зейнетақы мөлшеріне әсер етпейтіні туралы көптеген шағымдар болды. Халықтың өтініштерін ескере отырып, базалық зейнетақыны анықтау тетігі өзгерді. Енді оның мөлшері еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нәтижесінде 10 жылдан астам еңбек өтілі бар 2,1 млн-нан астам адам үшін базалық зейнетақы орта есеппен 80%-ға өсті. Жалпы, өткен жылы зейнетақы 23%-ға өсті. Зейнетақының орташа мөлшері 81 мың 62 теңгені құрайды», — деді министр.

Оның мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша базалық зейнетақының орташа мөлшері 27 мың теңгені, ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (ортақ және базалық) 85 785 теңгені құрады.

Сонымен қатар, өткен жылы зейнетақыны ресімдеу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілді. Егер бұрын төлем тағайындау үшін төрт өтінішті тапсыру қажет болса, қазір ХҚКО-на бір ғана өтініш беріледі.

Бұдан басқа, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы ондағы азық-түлік емес бөліктердің үлесін 40%-дан 45%-ға дейін ұлғайту жолымен қайта қаралды. Нәтижесінде, шамаға байланысты әлеуметтік төлемдер 3 млн қазақстандық үшін 16%-ға дейін өсті.

Министрдің ақпаратына сәйкес, өткен жылы 6,1 млн астам жұмыс істейтін азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылды. Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу жағдайларына берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2020 жылдан бастап орташа есеппен 30%-ға артады деп күтілуде.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!