Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 101,9% құрады

17:05, 12 ақпан 2019
517

Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – Өнеркәсіптік өндірістің индексі 101,9% құрады, – деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

2019 жылғы қаңтарда 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Тамақ, сусын өнімдері, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті.

Сонымен бірге, темекі бұйымдары және қара металлургия өнімдерінің өндірісі төмендеді.

Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 11 өңірінде байқалды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!