Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3 %-ға өсті

15:51, 14 тамыз 2019
372

Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 16,7 трлн теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,7%-ға көп.

Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс 2,4%-ға өсті. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш 3,2%-ға ұлғайды.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда — 2,5%-ға, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда — 6,7%-ға өсті.

Бұдан басқа, 2019 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл, орман және балық шаруашылықтарының өнім шығару көлемі 3,5% өсіммен 1,5 трлн теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарына келетін болсақ, осы сектордағы көлем есепті кезеңде 1,8 трлн теңгеден асып, 11,5%-ға артты.

Өз кезегінде, есептіп кезеңінде жүк айналымының көлемі 1,7% өсіммен 339,3 млрд ткм құрады. Жолаушылар айналымының көлемі — 4,7% өсіммен 167,6 млрд ткм.

Сондай-ақ, комитетте түрлі салаларда өндіріс көлемінің өсуі жөнінде мәліметтер берілді. Мәселен, көлік саласында өсім 5,4%-ды, байланыс саласында – 2,6%-ды, саудада — 7,5%-ды құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!