Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі қысқарды

09:49, 19 ақпан 2019

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтарында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 644,6 млрд теңгені құрады.

Бұл көлем 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 2,5%-ке қысқарды.

2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың артуы республиканың 14 өңірінде байқалды. Бұл ретте салымдардың едәуір өсуі Қызылорда (4,3 есе) және Қарағанды облысында (2,5 есе) байқалды.

Бір ай ішінде ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарының көлемі 309,5 млрд теңгені құрады, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға 243,9 млрд теңге жұмсалды, ал қалған шығындар 91,1 млрд теңгеге тең болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!