Қазақстанда мыс іздеу жұмыстарына 10 млрд теңге жұмсалмақ
Алматы. 10 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда алдағы жылдары мыс іздеу жұмыстарына шамамен 10 млрд теңге тарту жоспарланған. Бұл туралы «Қазгеология» АҚ хабарлады.
Ұлттық компанияның ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта мысты іздеу жұмыстарына 6,5 млрд теңге инвестицияланды.
«2018 жылдың соңында шетелдік инвестиция көлемі 5,7 млрд теңгені құрады. 2019 жылы шамамен 4,3 млрд теңге инвестиция салу жоспарлануда. Әр жобаның жалпы құны 500 млн теңгеден 7 млрд теңгеге дейін өзгереді. Бұл учаскенің зерттелуіне және жоспарланған жұмыс түрлеріне байланысты», — деп түсіндірді ұйымда.
Мәселен, қазіргі уақытта мыс Қарағанды,Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында іздестірілуде. Іздеумен Австралия, Ұлыбритания және Германия инвесторлары айналысады. Жұмыстар 2024 жылға дейін жүргізіледі.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл