Қазақстанда 3 мың мамандық бойынша дағдылар сипатталады

12:34, 8 қараша 2019
287

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда 693 мамандықты қамтитын 98 кәсіби стандарт (КС) бекітілді, ал әзірленетін 480 КС-ты ескере отырып, 2019 жылдың соңына дейін қазақстанда 3 мыңнан астам мамандық бойынша қажетті білім мен іскерлікті сипаттау қалыптастырылады. Бұл туралы Орталық «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» (ЕРДО) баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіби стандарттарды әзірлеу ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шеңберінде жүргізіледі. Осы процесті үйлестіруді, әдіснамалық қолдауды және бақылауды ЕРДО базасында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрған жобалау кеңсесі жүзеге асырады.

«Сонымен қатар, әзірленетін кәсіби стандарттардың санына ғана емес, сапасына да ерекше көңіл бөлінеді. Әдістемелік қолдау көрсету және кәсіби стандарттардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін «Ernst & Young» халықаралық консалтинг компаниясы тартылды», – деді ЕРДО вице-президенті Ерасыл Жұманбаев.

Ол КС әзірлеу жұмыс берушілердің және қазіргі заманғы еңбек нарығының өзекті талаптарына сәйкес келетін білікті кадрларды дайындау үшін өте маңызды екенін атап өтті. Алайда, кәсіби стандарт шын мәнінде жұмыс істейтін құралға айналуы үшін әр түрлі жұмыс берушілерді, сарапшыларды, білім беру мекемелерін және саланың басқа да өкілдерін тарта отырып, оны сапалы әзірлеу ғана емес, сонымен қатар оны білім беру, кадрлар даярлау және қызметкерлердің біліктілігін тану жүйесімен одан әрі интеграциялауды қамтамасыз ету маңызды.

«Кәсіби стандарттар — жұмыс берушілерден және саланың басқа да өкілдерінен белгілі бір мамандық бойынша қызметкердің не білуі және не істей алуын сипаттайтын білім беру мекемелеріне сұранысы. Осындай сұранымды алғаннан кейін білім беру мекемелеріне студенттерді не үшін және қалай дайындау керектігін түсіну оңайырақ», — деді Ерасыл Жұманбаев.

КС әзірленетін әрбір сала бойынша білім беру мекемелері мен жұмыс берушілердің пулы құрылады, оларды білім беру бағдарламаларын әзірлеу және лауазымдық нұсқаулықтарды қалыптастыру үшін бекітілгеннен кейін қолданады.

«Қазіргі таңда жобалық кеңсе базасында кәсіби стандарттарды келісу және бекіту кезеңінде апта сайын салалық мемлекеттік органдардың, білім және ғылым министрлігінің, салалық қауымдастықтардың және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесулер жүргізіледі», – деп хабарлады вице-президент.

Оның айтуынша, мұндай тәсіл еңбек нарығының білім беру жүйесімен өзара байланысын қамтамасыз етуге және Қазақстандағы жұмыс берушілердің өзекті талаптарына жауап беретін білікті кадрларды даярлау үшін сапалы негіз құруға мүмкіндік береді.

Источник: 7kun.kz

Пікір