Қазақстанда 2 млрд долларға бірегей эко-қалашық салынады

17:56, 19 қаңтар 2018

Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz – Маңғыстау облысында 2,1 млрд долларды құрайтын Ақтау эко-қалашығы салынатын болады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Бұл келіссөз Global Project Capital Ltd, AAG Corporate Services Ltd, China Road and Bridge Corporation (CRBC) Ltd және өңірлік әкімдіктің арасында жасалды.

Келісімге сәйкес, инвестиция көлемі британ тарапынан 2,1 млрд доллар мөлшеріндегі жобаның 100 пайызын құрайды. Ал, қытай тарапынан 400 млн доллар мөлшеріндегі банктік кепілдікті қамтамасыз етуге уәде берді. Сондай-ақ, осы жобаны дамыту үшін қаржыландыру құрылымын құру үшін тараптар бас мердігерді тағайындауы тиіс.

Жобаны іске асыру үшін Маңғыстау облысының әкімдігі тарапынан облыс орталығының солтүстік бөлігінде 865 га жер бөлінетін болады. Мұнда қолжетімді тұрғын үй, коммерциялық және сауда орталықтары, мектептер, балабақшалар және денсаулық орталықтары салынады. Сонымен қатар, жобаға сәйкес, эко-қалашыққа қазіргі заманғы энергетикалық технологиялармен тасымалдау қызметтерін, IT-парк, қонақ үй брендтерін, спорттық стадиондар, ойын-сауық орталықтары мен түрлі қоғамдық қызметтер кіреді. Ақтау қаласының әкімдігі, өз кезегінде, жолдарды, электр энергиясын, кәріз және су, соның ішінде, инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!