Қазақстанда қытай компанияларының саны 19%-ға өсті

14:21, 7 қараша 2019
515

Алматы. 7 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда жұмыс істеп тұрған шетелдік компаниялардың саны өсіп келеді. Жыл басынан бері олардың саны 10,5%-ға артқан.

Елдегі ең көп шетелдік компаниялар Ресейге (6,9 мың), Түркияға (1,9 мың), Қытайға, Өзбекстанға (1,1 мыңнан) және Қырғызстанға (873) тиесілі.

Ал Ауғанстанның Қазақстанда 150-ден астам ұйымы бар және бұл ел ең көп өсімді тіркеді. Ауғанстан капиталы қатысатын компаниялардың саны жыл басынан бері 50%-ға өскен.

Сондай-ақ, тәжік компанияларының саны 33,1%-ға, ирандықтар — 32,1%-ға, қырғыздар — 21,6%-ға, қытайлықтар — 18,7%-ға, беларуссьтер — 18,2%-ға өсті.

Бірқатар елдер, керісінше, Қазақстандағы компаниялар санын қысқартты. Виргин аралдарынан келген кәсіпорындар жыл басынан 13,3%-ға, Украинадан – 11,4%-ға, Нидерландыдан — 6,1%-ға және Ұлыбританиядан — 2%-ға кеміді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!