Қазақстанда құс пен жылқы етін импорттау көлемі ұлғайды

11:19, 24 мамыр 2019

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz —  Республикада соңғы үш жылда құс еті мен жылқы етін импорттау көлемі ұлғайды.  Бұл туралы Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин «Ет және сүт өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және экспорттауды дамыту перспективалары» атты парламенттік тыңдау барысында хабарлады.

«Жылдан жылға бізде көңіл қалдыратын көрініс орын алуда. Ет пен ет өнімдерінің импортының ұдайы өсуін алайық. Мысалы, құс еті импортының үлесі 51%-дан асады. Өткен жылы ол (құс етін импорттау) 191 мың тоннадан астам тоннаны құрады, ал 3 жыл бұрын 160 мың тоннадан астам болды», — деді Нығматулин.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, осындай көрініс жылқы етін импорттауда да байқалады.

«Соңғы 3 жылда жылқы етінің импорты өсті. Егер 2016 жылы жылқы етінің импорты 900 тоннаны құраса, 2018 жылы ол 2,5 есеге артып, 2 мың тоннаны құрады », — деді Нұрлан Нығматулин.

Бұл ретте спикер Қазақстанның сыртқы нарықтарда ірі ет жеткізушісі болуға барлық жағдай бар екенін еске салды.

«Бүгінгі таңда, Қытай, Үндістан сияқты мемлекеттерде халқы өсіп келе жатқанда, африкалық континенттің көптеген елдерінде жыл сайын азық-түлік қажеттілігі артып келе жатқан кезде, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қажеттілігі тек қана өсе түседі. Осы жағдайда елімізде бар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін барлық жағдайды барынша пайдалану қажет, соның ішінде ет және сүт өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және экспорттау сияқты перспективалы секторды», — деді Мәжіліс спикері.

Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі жыл сайын өсіп келеді деп атап өтті.

«Соңғы 5 жылда субсидия көлемі 2 есеге артып, 2018 жылы 76 миллиард теңгеден асты. Салыстыру үшін 2014 жылы бұл сома 49 миллиард теңге болды. Осының барлығы Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенінің тиімді жүйесін қалыптастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанын көрсетеді», — деді Н.Нығматулин.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!