Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

09:39, 19 тамыз 2019

Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz — 2019 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстарының көлемі 1,8 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 11,5%-ға өсті.

Ең көп көлем жеке құрылыс ұйымдарымен (86,2%) орындалды, бұл ретте шетелдік – 13,6%, мемлекеттік – 0,2%.

Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі Қызылорда (2,8 есе), Қарағанды (1,9 есе), Атырау (1,3 есе), Түркістан және Шығыс Қазақстан (1,2 есе), Батыс Қазақстан (1,1 есе) облыстарында байқалды.

Жеті айда 8,2 миллион шаршы метр пайдалануға берілді.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 713,6 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 15,2%-ға артық. Алайда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі осы кезеңде 3,7%-ға төмендеп, 6,5 млн шаршы метрді құрады.

Тұрғын үйдің көп бөлігін (6 миллион шаршы метр) жеке құрылысшылар пайдалануға берді. Ал тұрғындар 3,5 мың шаршы метр үйді салды.

Өз кезегінде тұрғын үйді пайдалануға берудің азаюы республиканың екі өңірінде тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласында (35,9%-ға) және Маңғыстау облысында (12,3%- ға).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!