Қазақстанда күріш экспорты артты

17:18, 25 маусым 2018

Алматы. 25 маусым. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан 25,7 мың тонна күрішті экспортқа шығарды. Экспорттың жалпы құны 7,4 млн доллар теңге болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Тасымалданған күріштің көлемі 7% өсті, ал одан келіп түсетін пайда 67,1% артты.

Күріш бәрінен көп Ресейге жөнелтілді. Аталған мемлекет 2,7 млн долларға 11 мың тонна сатып алды. Бұдан өзге Тәжікстан 1,5 млн долларға 6,8 мың тонна, Украина 865,7 мың долларға 2,8 мың тонна және Әзербайжан 1,2 млн долларға 2,6 мың тонна сатып алды.

Моңғолияға 1,3 мың тонна, Ауғаныстанға 968 тонна және Қырғызстанға 136,1 тонна жөнелтілді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!