Қазақстанда iPhone 14 ресми түрде сатыла бастады

21:00, 24 қыркүйек 2022

Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz — 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда Apple-дің жаңа телефоны ресми түрде сатыла бастады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ірі сауда желілеріндегі бағам бойынша 128 ГБ көлемді түрі 559 990 теңгеден басталып, iPhone 14 Pro Max 1 TB құны 1 119 990 теңгеге жетеді. Кейбір маркетплейстерде 2 млн теңгеге дейін сатыла бастағанын байқауға болады.

Ал АҚШ-тағы ресми бағам 384 090 теңгеден басталып, 528 305 теңгеге дейінгі аралықта.

Apple iPhone 14-ті 8 қыркүйекте таныстырған, ал, 16 қыркүйекте әлем бойынша ресми түрде сатылымға шықты.

Айта кетейік, жаңа телефон дизайны, өнімділігі мен бағдарламалық шешімі жаңарған, сонымен қатар қазақ тілі де қосылған.
 
Айта кетейік, жақында Picodi.com әлем елдерінде iPhone 14-ті сатып алу үшін неше күн жұмыс істеу керегі туралы деректермен бөліскен. Ең аз жұмыс істейтін швейцариялықтар болып шықты, олар бар болғаны 4,6 күндік еңбекақысына ала алады. Ал ең көбі тәжісітандықтар, олар 179,5 күндік айлығына ала-алады. Оларға жақын түркиялықтар мен қырғызстандықтар. Ал қазақстандықтар
iPhone 14-ға ақша жинау үшін 58,5 күн жұмыс істеуі керек.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!