Қазақстанда импорттық тауарлар қымбаттады

14:31, 15 қазан 2019

Алматы. 15 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың сегіз айында (2019 жылдың тамыз көрсеткіштерін 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда) импортталатын тауарлардың бағасы 4,7%-ға, экспортталатын тауарлардың бағасы 2,5%-ға өсті, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің сайтында.

Қазақстандықтар үшін импорттық тауарларды сатып алу қымбатқа түсті. Көкөністердің бағасы ең жоғары деңгейде өсті – 40,6%. Кондитерлік өнімдер – 9,6%, күріш – 8,5%, балық – 8,2%, темекі – 7,4%, макарон өнімдері – 6,6%, сүт өнімдері – 6%, құс еті – 4,3%, шай — 4,1% қымбаттады. Фармацевтикалық өнімнің бағасы 9,8%-ға көтерілді.

Өз кезегінде қант 7%-ға, жемістер мен жаңғақтар – 6,9%-ға, какао — 4%-ға арзандады.

Есепті кезеңде негізгі экспорттық тауарлардың бағасы өсті: темір кендеріне – 41%, көмірге – 17,4%, қорғасынға – 5,4%, мұнайға – 3,7%. Бағаның бидайға 18,3%-ға, жүнге – 1,6% — ға өсуі, ал мақтаға — 3,1%-ға азаюы белгіленді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!